Шымкентте жедел жәрдем қызметкерлері арасында дәстүрлі спартакиада басталды

0
78

Жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын спартакиада қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен командалар марапатталады.


Шымкентте жедел жәрдем қызметкерлері арасында дәстүрлі спартакиада басталды

Шымкент қаласында жедел медициналық жәрдем қызметкерлері арасында кәсіби шеберлікке арналған дәстүрлі спартакиада басталды.

Байқауға жедел медициналық жәрдем қызметінің 11 бригадасы қатысып, өзара білімдері мен тәжірибелерін сынға салуда. Қатысушылар бірнеше кезең бойынша бақ сынап, үздік командалар анықталады.
Спартакиада төрт станция бойынша өтеді:
* жедел коронарлық синдром (ОКС) кезінде көмек көрсету;
* политравма кезіндегі шұғыл медициналық көмек;
* блиц-сауалнама (сұрақ-жауап кезеңі);
* командалық тәжірибелік тапсырмалар.
Жарыстың басты мақсаты – медицина қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыру, шұғыл жағдайларда әрекет ету дағдыларын жетілдіру және тәжірибе алмасуға мүмкіндік жасау.
Жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын спартакиада қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен командалар марапатталады.
Бөлісу