Шымкентте жиhаз цехы өртенді

0
576

Бұл туралы Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.


Шымкентте жиhаз цехы өртенді

сурет: әлеуметтік желіде тараған видеодан алынды

Шымкент қаласында жиhаз цехында өрт шықты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

“6 қыркүйек күні сағат 16:43-те Шымкент қаласы, Абай ауданы, Бәйдібек би көшесі №131 мекенжайда орналасқан «Батсу» ЖШС-ның аумағында жалпы көлемі 900 шаршы метр жиһаз цехының көлемі 150 шаршы метр шатыры, көлемі 0,12 га құрайтын құрғақ шөп жанды және Байтұлы Баба көшесі №9 мекенжайда орналасқан «Оспалиева» ЖК-ның аумағында ашық жерде көлемі 100 шаршы метр битум праймері, мақта минералды жылыту қаптағыш жанды”, - делінген баспасөз хабарламасында.

Қалалық төтенше жағдайдар департаментінің дерегінше, өрт сағат 17:32-де оқшауланып сағат 18:04-те толығымен сөндірілген. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ.
Оқиға орнына Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің 40 қызметкері мен 6 дана техника, 2-водовоз, жедел жәрдем бригадасы және полиция қызметкерлері жұмылдырылды.

Қазіргі таңда өрттің шығу себебі анықталуда.