Жүргізушіге ҚР ӘҚБтК-нің 597-бабы 2-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылды.
Тауке хан даңғылы бойында «Лексус» маркалы автокөлігінің жүргізушісі автокөлігін тротуарға қойып, жаяу жүргіншілердің қозғалысына кедергі жасап, жол жүру ережесін бұзған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Аталған жайт бойынша Шымкент ҚПД Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері тексеру жұмыстарын жүргізу барасында автокөліктің жүргізушісін анықтап, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 597-бабы 2-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылды.
Тәртіп сақшылары қала тұрғындарынан жол қозғалысының басқа қатысушыларына құрметпен қарауды және жол ережелерін сақтауды сұрайды.