Зардап шеккендер жоқ.
ERNUR.KZ. Шымкентте жүк көлігіндегі 5 тонна сіріңке өртеніп кетті, деп жазады Otyrarkz.
6 мамырда сағат 16:50-де Жібек жолы көшесінде сіріңке тиелген жүк көлігінің өртенгені туралы хабарлама келіп түскен.
Өрт сөндірушілер оқиға орнына тез арада жетті. Олар қызыл жалынды сағат 17:20-да оқшаулап, 17:39-да толығымен сөндірді.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.
Өрт салдарынан жүк көлігінде болған 15 тонна сіріңкенің 5 тоннаға жуығы жанып кеткен.