​Шымкентте жұмыссыздарды тұрақты орындарға орналастыру мәселесі талқыланды

0
52

Жиында басқарма басшысы аудан әкімдерінің орынбасарларына аумақтағы кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелердегі бос жұмыс орындарын Enbek.kz порталына жариялау және жұмыссыз тұрғындарды сонда бағыттау қажеттігін айтты.


​Шымкентте жұмыссыздарды тұрақты орындарға орналастыру мәселесі талқыланды

Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Жанат Өтебаеваның төрағалығымен өткен жиында жұмыссыз азаматтарды қаладағы ірі және орта кәсіпорындарға тұрақты жұмысқа орналастыру мәселесі қаралды.

Басқосуға Абай, Еңбекші, Әл-Фараби, Қаратау және Тұран аудандары әкімдерінің орынбасарлары қатысты.
Жиында басқарма басшысы аудан әкімдерінің орынбасарларына аумақтағы кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелердегі бос жұмыс орындарын Enbek.kz порталына жариялау және жұмыссыз тұрғындарды сонда бағыттау қажеттігін айтты. Бұл қадам азаматтардың ресми жұмысқа орналасуына жол ашады.
Сонымен бірге шағын және орта бизнес нысандарында да жаңа ресми жұмыс орындарының көбеюіне ықпал ететіні айтылды.
– Қалада көптеген тұрғындар еңбекқор болғанымен, бейресми жұмыс істейді. Ал олардың табысы әлеуметтік-салықтық төлемдерге тіркелмегендіктен, жұмыссыздар статистикасына әсер етіп отыр. Егер осындай азаматтарды тұрақты орындарға бағыттасақ, ресми жұмыссыздар саны айтарлықтай азаяды, – деді Жанат Өмірсейітқызы.
Бөлісу