Жүргізушінің мас күйінде екені анықталған.
Шымкент қаласында жол ережесін бұзған жүргізуші полицейлерге 1 млн теңге пара беруге тырысқан, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түнде қаланы патрульдеу кезінде Шымкент патрульдік полициясының полицейлері жол қозғалысы ережелерін бұзған көлікке назар аударып, тоқтатқан. Олар салонда алкогольдің иісін сезіп, жүргізушіден медициналық тексеруден өтуін сұраған. Жауап ретінде ер адам оны жауапқа тартпау үшін оларға 1 миллион теңге ұсынды.
Тексеру нәтижелері жүргізушінің мас күйінде екенін және құқығынан айырылып, рөлге отырғанын растады.
Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 346 және 367-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады Шымкент қаласы ПД баспасөз қызметі.