Шымкентте жыл басынан бері 200-ге жуық өрт оқиғасы тіркелді

0
1 587

Шымкент қаласында отшашудан зардап шеккендер әзірге тіркелмеген.


Шымкентте жыл басынан бері 200-ге жуық өрт оқиғасы тіркелді

Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті жаңа жыл мерекесі қарсаңында пиротехникалық заттарды сату және қолдануда жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында кәсіпкерлермен кездесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Басқосуда қазіргі таңда орта және кіші бизнеске мараторий жарияланған болатын. Жыл басынан бері қала аумағында 192 өрт оқиғасы тіркелген болса, оның ішінде 29 оқиға кәсіпкерлік нысандарда орын алған. Осы себепті аталған жиында кәсіпкерлерге өз кәсіптерін өрттен сақтау мақсатында қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертті.
Бүгінде қала аумағын өрт пен пиротехникалық заттардың қауіпсіздігінің алдын алу мақсатында арнайы насихаттық топ құрылды. Арнайы топтың құрамына жергілікті атқарушы органдар мен полиция департаментінің қызметкерлері және еріктілер енді. Олар ірі сауда орталықтары мен халық көп шоғырланатын қоғамдық орындарда санитарлық нормаларды сақтап, түсіндірме жұмысын жүргізеді.
Шаһарда пиротехникалық заттарды қолдануда қауіпсіздікті түсіндіру шарасы туралы тек жиындармен шектелген жоқ. Мектеп оқушылары мен ата-аналарға жаңа жыл мерекесін қауіпсіз өткізу тақырыбында «ZOOM» қосымшасы арқылы да кеңінен түсіндіріліп отыр.

Сонымен қатар, тәртіп сақшылары пиротехникалық заттарды сату мен сақтау тәртібі және сапасын бақылау мақсатында қаладағы ірі сауда орындары мен базарларға рейдтік іс-шарасын жиі ұйымдастыруда. Бұл заттарды сатуға лицензиясы жоқ немесе сақтау тәртібінде заң бұзушылықтарға жол берген кәсіпкерлерге әкімшіліп іс қозғалып, пиротехникалық заттар тәркіленеді.
Шымкент қаласында отшашудан зардап шеккендер әзірге тіркелмеген. Дегенмен өрт қауіпсіздігі сақтауда есте сақтаған жөн. Арнайы құрылған топ өкілдері сауда орындарын аралау барысында кәсіпкерлерге өз кәсібін өрттен сақтау үшін қауіпсіздік шарасына қатаң назарға алуды ескертеді.