Шымкентте жыл соңына дейін 2 мыңнан астам кәсіпкерге қолдау көрсетіледі

0
452

Биыл кәсіпкерлікті қолдау бағдарламалары арқылы бизнеске бюджеттен 12,9 млрд. теңге қаржы бөлінді.


Шымкентте жыл соңына дейін 2 мыңнан астам кәсіпкерге қолдау көрсетіледі

Шымкент қаласында кәсіпкерлікті дамыту және қолайлы бизнес-климат жасау мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Мәселен, биыл кәсіпкерлікті қолдау бағдарламалары арқылы бизнеске бюджеттен 12,9 млрд. теңге қаржы бөлінді. Одан бөлек, республикалық бюджеттен қосымша 5,1 млрд. теңге бөлу жоспарлануда.
Пандемия жағдайына байланысты бұл бағыттағы мемлекеттік қолдаулар өткен жылдармен салыстырғанда екі есеге артып отыр. Осының нәтижесінде жыл соңына дейін 2 мыңнан астам кәсіпкерге қолдау көрсету жоспарлануда.
Сонымен бірге бизнес өкілдеріне көрсетілген мемлекеттік қолдаудың арқасында соңғы үш жылда өнеркәсіп өнім көлемі 162 млрд. теңгеге немесе 32,9 пайызға артқан.