Ауа температурасы төмендеп, күн салқындауына байланысты тұрғындар тарапынан жылуға қатысты көптеген өтініш түскен.
Ауа райының салқындауын ескерген қала әкімі Ғабит Сыздықбеков жауапты орынбасарлары мен басқарма басшыларына Шымкент қаласында жылу жүйелерін мерзімінен бұрын іске қосуды тапсырды.
Кестеге сәйкес жылу қараша айының 1-іне қосылу керек болатын. Қала басшысының қаулысымен көпқабатты тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарға бүгіннен, яғни қазанның 21-інен бастап жылу беріле бастады.
Қазір қаладағы 26 бөлек орналасқан жылу қазандықтары мен орталықтандырылған жылу жүйесіндегі 17 сорғы станциясы жылу маусымына дайын. Тұтынушыларды жылумен қамтамасыз ету төмендегідей кезектілікпен жүзеге асырылады:
- бала бақшалар, емханалар, мектептер, медициналық-әлеуметтік мекемелер;
- тұрғын үйлер, жатақханалар;
- әкімшілік ғимараттар, оқу орындары, театрлар;
- басқа да ғимараттар.