Оқу-жаттығудың екінші эпизодында әскери міндеттіллер алғашқы медициналық көмек көрсету және шартты жаралыларды медициналық мекемелерге эвакуациялау бойынша жұмыстарды пысықтады.
Шымкент қаласының аумақтық қорғаныс бригадасында әскери міндеттілермен он күндік тактико-арнайы оқу жиындарының қорытынды кезеңі өтті.
Финалдық кезең барысында қатысушылар стратегиялық объектілерді күзету және қорғау, төтенше жағдайларда өзара іс-қимыл жасау және жедел әрекет ету бойынша тапсырмаларды тәжірибе жүзінде пысықтады. Іс-шараға бригада басшылығы, қала әкімдігінің өкілдері және Қарулы күштердің ардагерлері қатысты.
Он күндік жиындардың финалдық кезеңі «Химфарм» акционерлік қоғамының аумағында өтті, онда ауқымды ведомствоаралық оқу-жаттығулар ұйымдастырылды. Басты мақсат – төтенше жағдайлар жағдайында стратегиялық маңызды объектілерді күзету және қорғау кезінде аумақтық әскерлер бөлімшелерінің, құқық қорғау органдары мен жедел қызметтердің өзара іс-қимылы мен үйлесімділігін жетілдіру.
Оқу-жаттығу сценарийі нақты жағдайға барынша жақын бірнеше тактикалық эпизодтарды қамтыды. Бірінші кезеңде бір топ азаматтар тарапынан жағдайды тұрақсыздандыру әрекетіне жауап ретінде өткізу режимін қамтамасыз ету жөніндегі іс-қимылдар пысықталды.
Кейін шартты жағдай күрделене түсті: нысан аумағына көлікпен өту әрекеті тіркелді. Әскери міндеттілер көлік құралын жедел түрде бұғаттап, шартты диверсиялық-барлау тобымен шайқасқа кірісті. Күшейту үшін арнайы мақсаттағы бөлімшелер мен полиция тартылды, олар ауданды бұғаттап, шартты қарсыласты бейтараптандырды.
Жеке эпизод қолдан жасалған жарылғыш құрылғыны анықтау кезіндегі іс-қимылдарға арналды. Мамандар қауіп-қатерге баға беріп, қоршау ұйымдастырып, қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, қауіпті затты жойды.
Белсенді фаза аяқталғаннан кейін жергілікті аумақты тазарту, азаматтарды сүзгіден өткізу бойынша бекеттер құру іс-шаралары пысықталды. Қосымша ТЖМ-нің өрт бөлімшелерін тарта отырып, ұрыс қимылдарының салдарынан пайда болған шартты өртті сөндіру жөніндегі міндеттер орындалды.
Оқу-жаттығудың екінші эпизодында әскери міндеттіллер алғашқы медициналық көмек көрсету және шартты жаралыларды медициналық мекемелерге эвакуациялау бойынша жұмыстарды пысықтады.
Басшылықтың бағалауы бойынша, жеке құрам жоғары деңгейдегі дайындықты, іс-қимылдардың үйлесімділігін және мақсат бойынша міндеттерді орындауға дайын екендігін көрсетті. Өткізілген жиындар әскери міндеттілердің практикалық дағдыларын арттыруға және ведомствоаралық өзара іс-қимылды нығайтуға мүмкіндік берді.


