Шымкенттегі Атамұра, Бетховен, Төле би көшелеріндегі құрылыс жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Еңбекші ауданы, Шаңырақ мөлтек ауданындағы Атамұра көшесіндегі орташа жөндеу жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді. Мердігер мекеме «Algabas Stroy» ЖШС-гі жол құрылысын ағымдағы жылдың сәуір айында бастаған. Көшенің ұзындығы 290 метр, ені 5 метр. Бүгінгі таңда жол құрылысы толығымен аяқталып, ел игілігіне берілді.
Әл-Фараби ауданы, Бетховен көшесін орташа жөндеу жұмыстарын да мердігер мекеме «Algabas Stroy» ЖШС-гі жүргізді. Маусым айында басталған құрылыс бүгінде пайдалануға берілді. Көшенің ұзындығы 72 метр болса ені 4 метрді құрайды.
Ал, Қаратау ауданы, Орманшы тұрғын алабы, Төлеби көшесінің тұрғындары да жолдары жөнделіп, ризашылықтарын білдіруде. Ұзындығы 250 метр шығатын көшеге орташа жөндеу жұмыстары мердігер мекеме «Algabas Stroy» ЖШС-гі тарапынан жүргізілді.