Шымкенттегі атыс: Оқ тиген күзетші саусағынан айырылды

0
597

Науқастың жағдайы туралы Шымкенттегі №1 қалалық клиникалық ауруханасының қабылдау бөлімінің меңгерушісі Сауран Әлдеков айтып берді.


Шымкенттегі атыс: Оқ тиген күзетші саусағынан айырылды

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкентте атыс кезінде жарақат алған күзетшінің жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Науқастың жағдайы туралы Шымкенттегі №1 қалалық клиникалық ауруханасының қабылдау бөлімінің меңгерушісі Сауран Әлдеков айтып берді.

20 ақпан күні сағат 15:10-да №1 қалалық клиникалық ауруханасына 1971 жылы туған ер адам оқ жарақаты және сол қолындағы саусағы жараланып түскен.

"Сол қолдағы бірінші саусағының негізгі фалангасы деңгейінде ампутация жасалып, жараны бастапқы хирургиялық өңдеу жүргізілді. Жағдайы салыстырмалы түрде қанағаттанарлық деп бағаланды", - деді қабылдау бөлімінің меңгерушісі Сауран Әлдеков.

Дәрігердің сөзінше, ол тұрғылықты жері бойынша емханаға одан әрі амбулаторлық емдеуге жіберілген.

Еске сала кетейік, 20 ақпан күні 14:40 шамасында Иляев-Рысқұлбеков көшелерінің қиылысында орналасқан қару-жарақ дүкенінде дабыл түймесі іске қосылды. Оқиға орнына бірден қауіпсіздік агенттігінің қызметкерлері келді. Күзетшілер мен белгісіз қарулы адам арасында атыс болды. Нәтижесінде күзетшінің бірі жараланды.