Шымкентте аудан әкімдерімен халық қайда және қашан кездесе алады?

0
2 192

Бұл хабарлама аудан әкімдерінің әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында жарияланды.


Шымкентте аудан әкімдерімен халық қайда және қашан кездесе алады?

Фото: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен

ERNUR.KZ. Шымкент қаласындағы аудан әкімдері тұрғындарды күнделікті жеке қабылдауға шақырып жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл хабарлама аудан әкімдерінің әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында жарияланды.

Атап айтсақ, Абай ауданы әкімі Парманов Бұхарбай Рысқұлұлы 2018 жылдың 17 шілдесінен бастап аудан әкімі аппаратының ғимаратында күн сайын сағат 9.00 ден – 10.00-ге дейін азаматтарды жеке қабылдайды.

Қабылдау орны: Шымкент қаласы, Абай ауданы әкімі аппаратының ғимараты, Ә.Жангелдин көшесі 13а.

Қаратау ауданының әкімі Исамидин Қантөреев 2018 жылдың ағымдағы жылдың 17 шілдесінен бастап ауданы әкімі аппараты ғимаратында күн сайын сағат 9.00 ден – 10.00 ге дейін азаматтарды жеке қабылдайды.

Қабылдау орны: «Нұрсәт» ш/а №24, Қаратау ауданы әкімі аппараты ғимараты.

Әл-Фараби ауданының әкімі Ғ.П.Мәуленқұлов 17 шілдеден бастап Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының ғимаратында күн сайын сағат 9:00 ден - 10:00 ге дейін жеке және заңды тұлғалармен жеке қабылдау өткізеді.

Қабылдау орны: Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының ғимараты, Ж.Тыныбаев көшесі №49.
Қабылдау жүргізу күні келген азаматтар, алдын-ала жазылусыз қабылданады.

Еңбекші ауданының әкімі Ғ.Ильясов азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерімен жеке қабылдауды күн сайын сағат 09-00-ден 10-00 дейін жүргізеді.

Мекен-жайы: Еңбекші ауданы әкімінің аппараты, Шымкент қаласы,Толстой көшесі 119 Қабылдау бөлмесі тел. 43-31-98;

Ұйымдастыру-бақылау бөлімі тел. 53-27-43

Айта кетейік, қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов: «Бұрын азаматтарды аптасына бір рет белгіленген кесте бойынша қабылдап келген болсаңыздар, ендігі жерде күн сайын таңертеңгі сағат 9:00-10:00 аралығында жергілікті тұрғындармен кездесу ұйымдастыратын боласыздар. Яғни, тұрғындар өздерін толғандырған өзекті мәселелер бойынша аудан әкімінен тікелей жауап ала алады. Қарапайым халықпен көбірек жұмыс жасаңыздар. Егер тұрғындардың сенімін ақтасаңыздар, дұрыс жұмыс жасағандарыңыз. Халықтың сенімін ақтау - жұмыстың басты көрсеткіші», - деп аудан әкімдеріне тапсырма берген болатын.