Шымкенттегі балалар клиникалық ауруханасы көпсалалы аурухана болып қайта құрылады

0
934

Бұл бағыттағы негізгі жұмыстар іске асып, орындалуда.


Шымкенттегі балалар клиникалық ауруханасы көпсалалы аурухана болып қайта құрылады

Шымкенттегі балалар клиникалық ауруханасы көпсалалы аурухана болып қайта құрылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бүгінде Шымкент қаласының коммуналдық меншігінде 36 медициналық ұйым бар. Оның ішінде 15-і ауруханалық ұйым, 14 амбулаторлық-емханалық ұйым және 7 мекеме басқа бейінге бағытталған.

Шаһарда медициналық қызмет сапасын жақсарту мақсатында, олардың материалдық базасын жаңартып, көрсетілетін қызмет түрлері кеңейеді.
Атап айтқанда, №1қалалық клиникалық аурухана, №2, N3 қалалық ауруханаларында медициналық көмек түрі артып, көпсалалы аурухана болып қайта құрылады.
Көпсалалы ауруханаға айналатын мекеменің бірі - қалалық балалар клиникалық ауруханасы. Жаңғырту жұмыстарынан соң ауыр дертке шалдыққан балалардың өзге қалаға сабылмай осында ем алып, күрделі оталар жасауына мүмкіндік туады.
Бұл бағыттағы негізгі жұмыстар іске асып, орындалуда. Қазірде балалар ауруханасында нейрохирургиялық, күйік, урологиялық, торакальды хирургия, нейрохирургиялық медициналық оңалту бөлімшелерінің қызметтері жолға қойылды, неонатальды хирургиялық көмек көрсету түрі ұлғайып, жаңа туылған балаларға медициналық көмек тек қалалық балалар ауруханасында көрсетіле бастады. Нейрохирургиялық оталарды жандандыру мақсатында соңғы үлгідегі заманауи аппараттар орнатылды.