Шымкенттегі бейнекамералар 30 мың әкімшілік құқықбұзушылық анықталған

0
2 037

Шымкент қаласының 21 қиылысында орналастырылған «Интегра» интеллектуалды жүйесінің бейнекамераларының маңызы өте зор


Шымкенттегі бейнекамералар 30 мың әкімшілік құқықбұзушылық анықталған

ERNUR.KZ. Шымкент қаласында ЖБО бейнекамералары арқылы 145-тен астам қылмыс ашылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Шымкент ҚІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгінгі таңда Шымкент ҚІІБ-нің Жедел басқару орталығында қоғамдық орындар мен халықтың көп жиналатын көшелерінде 479 бейнекамералар қызмет атқарады. Дәл осы жерден қоғамдық орында қылмыс немесе әкімшілік құқықбұзушылық орын алған болса, сол маңдағы сыртқы бейнебақылау камераларды айналдырып, бақылап, қылмысқа күдікті немесе әкімшілік құқықбұзушылық жасаған тұлғаны, автокөлікті анықтайды.

2018 жылдың 7 айында ЖБО қарасты бейнекамералардың көмегімен 145 қылмыс ашылған, оның ішінде 82 ұрлық, 5 автокөлік ұрлығы, 17 тонау, 8 бұзақылық және 4 заңсыз қару сақтау жайттары бар.

Сондай-ақ, Шымкент қаласы көшелерінде қоғамдық тәртіп пен тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында ЖБО қызметкерлері тарапынан «нөлдік төзбеушілік» бойынша да үнемі алдын алу жұмыстары жүргізіліп тұрады. Сонымен қатар, Шымкент қаласының 21 қиылысында орналастырылған «Интегра» интеллектуалды жүйесінің бейнекамераларының маңызы өте зор. Себебі, «Интегра» арқылы жол жүру ережесін бұзған автокөлікті анықтауда септігін тигізуде. Атап айтсақ, жалған мемлекеттік белгі тағып жүрген автокөліктерді анықтау іс шарасының нәтижесінде әртүрлі сипаттағы 447 автокөлік анықталып, заңды шешімдер қабылданған.

Аталған кезең барысында Шымкент ҚІІБ ЖБО бейнекамералары арқылы 30 мың әкімшілік құқықбұзушылық анықталған, оның 18 мыңы ҚР жол жүру ережесін бұзғаны бойынша. Ұсақ бұзақылық үшін 2336 азамат әкімшілік жауапқа, қоғамдық орында тәртіпсіздігі үшін – 1278 және қоғамдық орында алкогольді ішімдік ішкені үшін 18879 адам жауапқа тартылған.