Шымкенттегі бірқатар елдімекендерде көшелер жөнделіп жатыр

0
740

Қала әкімі мердігерлер жауапкершілігін арттыра отырып, жол құрылысын сапалы атқаруды ескертті.


Шымкенттегі бірқатар елдімекендерде көшелер жөнделіп жатыр

Шымкенттегі Бадам-1, Қаратөбе тұрғын алаптарындағы көшелер орташа жөндеуден өтуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Биыл қаланың даму жоспарына сәйкес, жергілікті тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру мақсатында орталықтан шалғай орналасқан шағын аудандар мен тұрғын алаптардың ішкі орам көшелерін жөндеуге басымдық берілуде. Қазір шалғай елдімекендердегі көшелерге асфальт төсеу жұмыстары қарқын алды.
Қала әкімі Мұрат Әйтенов жауаптылармен бірге Бадам-1, Қаратөбе тұрғын алаптарында болып, ондағы көшелердің жөндеу жұмыстарын тексерді.
Бадам-1 тұрғын алабының жалпы аумағы 22,2 шақырымды құрайды, оның 20,7 шақырымы асфальт жол. Қазір Баян батыр, Бірлік, Атауы жоқ №1, Бесшатыр, Ирисбеков көшесінің атауы жоқ тұйықтары және атауы жоқ №1,2,3,4,5 көшелері де орташа жөндеуден өтуде. Жоба бойынша бұл көшелерге 3,3 шақырым асфальт төселеді.
Жалпы, жыл соңына дейін елдімекендегі 4,6 шақырымды құрайтын 2 көше және 5 тұйық көшеге орташа жөндеу жұмыстары жоспарланған. Ал Набережная көшесінің тұйықтарын орташа жөндеуден өткізу 2025 жылға жоспарлануда.
Қаратөбе тұрғын алабының жалпы аумағы 22,7 шақырымды құрайды, оның 20,6 шақырымы асфальт жол. Мұрат Дүйсенбекұлы 1,2 шақырымдық Домбыралы көшесінің жол құрылыс жұмыстарын қадағалады. Жалпы, биыл бұл аумақта 3 шақырымды құрайтын 2 көше және 5 тұйық көшеге орташа жөндеу жұмыстары жоспарлануда. Құрылыс енді Гүлабад, Бахриз Рамиз, Қапал батыр №1, 2, 3, 4 көшелерге, және тұйықтарға жүргізіледі. Ал Ризақ палуан, Жаңақұрылыс көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу 2024 жылға жоспарлануда.
Қала әкімі мердігерлер жауапкершілігін арттыра отырып, жол құрылысын сапалы атқаруды ескертті. Сондай-ақ жұмыстарды үлестіре отырып, нысандарды мерзімінде қолданысқа беруде нақты тапсырмалар жүктеді.