«Химфарм» зауыты фармацевтика бағытында жұмыс істейтін Монғолия, Қырғызстан мен Ресейлік әріптестерімен меморандумға отырды.
Үшінші мегаполистегі «SANTO» компаниясы экспорт көлемін жыл соңына дейін 10 пайызға жеткізбек, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Ірі кәсіпорындардың өнім көлемі артқан сайын салықтық түсімі де көбейеді. Бұл қала бюджетінің артуына сеп болмақ. Кәсіпкерлерді барынша қолдау жасау арқылы алдағы уақытта Шымкент өндіріс орталығына айналатын болады.
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Данат Жумин алдыңғы жылмен салыстырғанда қалаға салынған инвестиция көлемі екі есеге артқанын атап өтті. Сондай-ақ, ол алдағы уақытта Шымкент Орта Азиядағы ірі өндіріс орталығына айналдыруды көздеп отырғанын жеткізді.
«Химфарм» фармацевтикалық зауыты ғасырдан астам уақыттан бері жұмыс істейді. Бүгінде Қазақстан нарығындағы дәрі-дәрмектің әрбір бесінші пакеті Santo Polpharma Group-тың өнімі. Аталған компания өндірістік тәжірибесі халықаралық GMP стандартына 2008 жылы көшті.
Бүгінгі күннің өзінде компания Қырғызстан, Ресей, Түркменстан, Тәжікстан және Монғолия мен Өзбекстан нарығына жол ашқан. Енді Орталық Азия нарығына ғана емес, Шығыс Европаға шығуды жоспарлауда.