Бұл істі қолға алғандар 1 жарым жылдан бері мұны жүзеге асыруға талпынып келеді.
иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден
Шымкентте «ақылды» автотұрақ жобасы тағы да кейінге қалдырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ 24.kz порталына сілтеме жасап.
Бір кездері «ақылды» автотұрақты Шымкент қаласында пилоттық негізде сынап көрген болатын. Содан соң олар қала көшелерінен алынып тасталды. Жоба жетекшісі Мұрат Әбдүлменовтің мәлімдеуінше, автотұрақты дайындауға 20 миллион теңге қаржы жұмсапты. Алайда, кәсіпкер осы істі атқару барысында мемлекеттік орган тарапынан түрлі қағазбастылық кедергілерге тап болғанын айтады.
Сондай-ақ, аталған ақпаратқа сүйенсек, бастапқыда жобаны Shymkent» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы қолдап, жобаның 49% иелік еткен және «ақылды» тұрақ үшін 20 жер учаскесін де жалға алған. Мұны қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы да растап отыр. Ал, автотұрақтардың ендігі жайы не болатыны туралы «Shymkent» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы жауап беруден бас тартқан.
Жалпы Шымкент қаласында 230 мыңнан астам көлік тіркелген. Сарапшылардың пікіріне сүйенсек, бұл көліктердің тиісті тұрақпен қамтамасыз етілу деңгейі 10 проценттен де төмен.
«Негізінен бұл автотұрақтар жарты жыл бұрын іске қосылуы керек болатын. Ұлттық кәсіпкерлер палатасында тарифке бағаға қатысты сұрақ туындап уақытынан кешікті. Осындай себептер өте көп. Енді мемлекеттік органдар қолға алыңдар десе, біз дайынбыз», - дейді жоба жетекшісі Мұрат Әбдүлменов.