Шымкенттегі металл конструкциялары зауыты өндірістік қуатын арттыруда

0
108

Өндіріс қуаттылығын дамыту және кеңейту стратегиясы аясында кәсіпорында жалпы ауданы 6 000 м² жаңа өндірістік цех салынуда.


Шымкенттегі металл конструкциялары зауыты өндірістік қуатын арттыруда

«Қазақстандық металл конструкциялары зауыты» ЖШС – Шымкент қаласындағы агроөнеркәсіп және мұнай-газ салаларына арналған металл конструкциялар мен жоғары технологиялық өнеркәсіптік жабдықтар шығаруға мамандандырылған жетекші өндірістік кәсіпорындардың бірі.

Зауыт өнімдерінің ассортименті мол. Оған дәнді және көкөніс дақылдарын өсіруге арналған, топырақты өңдеу, егу, егістікті күтіп-баптау және өнім жинау жұмыстарына арналған аспалы және тіркемелі ауыл шаруашылығы техникасы, диаметрі әртүрлі және шарлы крандар, болат тройниктер, сондай-ақ, магистральды мұнай-газ құбырларына арналған тазалау және диагностикалық құралдарын қабылдауға және іске қосу камералары кіреді.
2025 жылдың қорытындысы бойынша өндірілген өнім көлемі 6,4 млрд теңгені құрады, бұл кәсіпорынның тұрақты дамуын және өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін арттыруға қосып отырған елеулі үлесін көрсетеді. Қазіргі уақытта зауытта 65 жұмыс орны бар, қызметкерлердің орташа айлық жалақысы шамамен 300 мың теңгені құрайды. Бұл кәсіпорынның қала мен облыс үшін әлеуметтік маңызын білдіреді.
Өндіріс қуаттылығын дамыту және кеңейту стратегиясы аясында кәсіпорында жалпы ауданы 6 000 м² жаңа өндірістік цех салынуда. Нысанды пайдалануға беру 2026 жылдың маусым айына жоспарланған. Бұл жобаны іске асыру, ең алдымен, ауыл шаруашылығы техникасын өндіру көлемін едәуір арттыруға, сондай-ақ, кемінде 100 қосымша жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.
«Қазақстандық металл конструкциялары зауыты» ЖШС Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін жоғары қосылған құны бар өнім үлесін арттыруға бағытталған өндірісті локализациялау саясатын жүйелі жүзеге асырып келеді. Кәсіпорын импортқа тәуелділікті төмендетуге, өзінің өндірістік құзыретін дамытуға және елдегі тұрақты жеткізу тізбектерін қалыптастыруға бағдарланған.
Бөлісу