Шымкенттегі "Нұрсат сити" сауда орталығындағы өрт сөндірілді

0
686

Қазіргі таңда материалдық залалдың себептері мен мөлшері анықталуда.


Шымкенттегі

Шымкент қаласындағы "Нұрсат сити" сауда орталығындағы өрт сөндірілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

27 қазан күні сағат 22:07-де "101" пультіне Шымкент қаласы Қаратау ауданының Нұрсат шағын ауданында орналасқан "Нұрсат сити" сауда үйінің жанғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Осы хабарлама бойынша алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына 7 минутта жетті. Оқиға орнында өрттің ауданы шамамен 50 шаршы метр құрайтын сауда үйінің сыртқы қаптамасы жанғаны анықталды.

Учаскелерді сумен жабдықтау 50 метр қашықтықта орналасқан өрт гидранттарынан жүзеге асырылды.

Өрт 22 сағат 25 минутта ауыздықталып, 22 сағат 40 минутта толық сөндірілді. Өрт аумағы 50 шаршы метрді құрады.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Қазіргі таңда материалдық залалдың себептері мен мөлшері анықталуда.

Шымкент қаласы Төтенше Жағдайлар Департаментінің 26 қызметкері мен 6 өрт сөндіру техникасы, Апаттар медицинасы орталығы филиалының 1 бригадасы, полиция департаментінің 3 қызметкері мен 5 техникасы, электр желісінің авариялық қызметінің 1 бригадасы тартылды.

Аталған нысан 20.12.2020 жылы пайдалануға енгізілді. 2021 жылы есепке алынды. Мораторийге байланысты тексеру жүргізілген жоқ, себебі кәсіпкерлік субъектісі шағын кәсіпкерлікке жатады.

Айта кетейік, осыған дейін “Нұрсат Сити” сауда орталығының өртенгені туралы хабарлаған болатынбыз.