Шымкентте бедеулікпен есепте 338 жұп тұр.
Шымкенттегі репродукциялық орталықтар нәтижелі жұмыс жасауда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Шымкентте бедеулікпен есепте 338 жұп тұр. Оның ішінде 259 себеп әйелдің денсаулығына, 56 себеп ердің денсаулығына қатысты болса, 13 жұп донорлық бағдарламада тұр. Оларға 2019 жылы – 50, 2020 жылы – 64, ал биыл «Аңсаған сәби» бағдарламасына сәйкес 403 квота бөлінді. Жыл басынан бері оның 338-і бөлінді.
Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сәйкес, квота алған әйелдер өз қалауларынша еліміздің үш мегаполисінде орналасқан репродукция орталықтарын таңдай алады. Оның ішінде 4 репродукциялық орталық Шымкентте орналасқан: «Экомед-Шымкент» ЖШС, «Эко –Шымкент орталығы» ЖШС 2 филиалы, «Доктор Тарарака Шымкент орталығы» ЖШС, «Шымкент репродуктивті медицина институты» ЖШС.
Шымкенттік клиникалар бұл бағытта нәжижелі жұмыс істеуде. Атап айтқанда, Экомедке 177 квота бөлінген, оның 22-сі жүкті, 120 – дайындықта. Эко–Шымкентке 129 квота бөлінген, оның 40 – жүкті, 71-дайындықта. Доктор Тарарака 25 квота, оның 4 - жүкті, 7- дайындықта. Алматы қаласындағы «Персоны» клиникасына 4 квота, оның 1-дайындықта. Нұр-Сұлтан қаласындағы «ННЦМД» - 1 квота, қазір жүкті. «МЕДИННОВАЦИЯ-АСТАНА» клиникасына 2 квота, оның 1 – жүкті.