Шымкенттегі шаңды тұман біршама уақыт сақталады - Казгидромет

0
963

Оңтүстіктен жылы ағымның біздің аймаққа жылжуының әсерінен деп болжайды мамандар.


Шымкенттегі шаңды тұман біршама уақыт сақталады - Казгидромет

сурет: ашық дереккөзден

Шымкент қаласында шаңды тұман біршама уақыт сейілмейді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы бойынша Казгидромет өкілдері мәлімдеді.

"4 қараша күні облыс аумағы мен Шымкент қаласында тұрған қатты желдің әсерінен, қалқымалы қалыпты бөлшектер атмосфера қабатына көтерілді. Жел екпіні бәсеңдегеннен кейін және оңтүстіктен жылы ағымның біздің аймаққа жылжуының әсерінен, таңертең Түркістан облысының Қазығұрт ауданы мен Шымкент қаласына тұман түсті. Тұманның бірден-бір қасиеті ол осы атмосфераға көтерілген қалқымалы бөлшектерді өзіне жинайды және ол тұманмен бірге жер бетіне түседі. Тұман сейілгеннен кейін қалқымалы заттар тез кете қоймайды. Өйткені күн сәулелерінің әсерінен ауада біраз қалқып тұрады", - делінген хабарламада.

(Фото: Шымкент қаласындағы дәл қазіргі сәт)

Мамандардың айтуынша, спутниктермен бақылағанда Шымкент қаласында және Түркістан облысы Қазығұрт ауданы, Түркістан-Ташкент қалаларының арасында әлі осы қалқымалы қатты заттар сақталуда.

(Фото: Сарыағаш қазіргі уақыт)

"Бүгін таңертең тұманды екі күнге дауылды ескертуі беріліп, тұманның оңтүстік пен таулы аудандарда сақталуына байланысты қалқымалы заттар қалада сейілмейді", - деді кезекші синоптик Кыдырбаева Асия Кисетаевна.

Ал Шымкент қаласына жақын маңдағы Түркістан қаласы және оның басқа аудандарында ауа райы ашық.

(Фото: Түркістан дәл қазіргі сәт)