Шымкенттегі СПА-салонда өрт шықты: Құтқарушылар 14 адамды эвакуациялады

0
73

Зардап шеккендер жоқ.


Шымкенттегі СПА-салонда өрт шықты: Құтқарушылар 14 адамды эвакуациялады

Шымкент қаласының Тұран ауданындағы көпқабатты тұрғын үйде орналасқан СПА-салоны өртенді.

Құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында 14 адам, соның ішінде 9 бала қауіпсіз жерге эвакуацияланды.

Төтенше жағдай Қонаев даңғылы бойындағы 12 қабатты тұрғын үйде тіркелген. Оқиға орнына шұғыл жеткен өрт сөндірушілер жалынның жоғарғы қабаттарға таралып кетпеуі үшін бірден тұрғындарды қауіпсіз аймаққа шығаруға кірісті.

Мамандардың кәсіби әрі үйлесімді жұмысының нәтижесінде тілсіз жау өзге аумақтарға жайылмай, 28 шаршы метр аумақта толық ауыздықталды. Зардап шеккендер жоқ.

Бөлісу