Шымкенттегі тұрғын үйлердің 91%-ы жылыту маусымына дайын

0
522

Бұл үйлер толық сығымдаудан өткен.


Шымкенттегі тұрғын үйлердің 91%-ы жылыту маусымына дайын

Шымкент қаласындағы 1987 көп қабатты тұрғын үйлердің 91 пайызы жылу беру маусымына дайын, яғни бұл үйлер толық сығымдаудан өткен, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Атап айтқанда:

Абай ауданы - 419 үй, дайындалғаны 377 үй, қалғаны 42 үй (90%);

• Әл-Фараби ауданы - 613 үй, дайындалғаны 552 үй, қалғаны 160 үй (90%);

• Еңбекші ауданы - 533 үй, дайындалғаны 485 үй, қалғаны 48 үй (91%);

• Қаратау ауданы - 422 үй, дайындалғаны 389 үй, қалғаны 105 үй (93%).

Дайындық жұмыстарын тұрғындармен келісімшарт жасасқан коммуналдық мекемелер жүргізуде.

Өткен жылдардағы жылу беру маусымы көрсеткендей, дайындық жұмыстары мерзімінде жүргізілген көп қабатты үйлерде ақаулар орын алмаған, тұрғындар сапалы жылумен қамтылған. Үй ішіндегі жылыту батареялар іші су өткізу көрсеткіші маңызды. Тозығы жеткендерін ауыстыру, ішкі құбырлардың жылу өткізгіштігін тексеру тұрғындардың (ОСИ, ПТ) жауапкершілігінде.

Көпқабатты тұрғын үйлердің орталық магистралдан келген жылуды толық пайдалану көрсеткіші, тұрғын үйдің ішкі жүйесінің (құбырларының) тазалығына байланысты.

Айта кетейік, қалада жылу беру маусымына дайындық жұмыстары басталды. Өткен жылу беру маусымында өрттің саны 11%-ға азайған. 2021-2022 жылдары улы газбен улану жағдайлары тіркелмеген.

Жазатайым жағдайларды және улы газдан уланудың алдын алу мақсатында Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті қала және аудан әкімдігі, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Шымкент қаласы бойынша филиалының қызметкерлерімен, «Аманат» партиясының «Жастар рухы» жастар қанатының және «Жастар ресуртар орталығының» еріктілерімен бірлесіп үгіт-насихат, түсіндірме жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп келді.

Сонымен қатар, тұрғын үй секторын аралау кезінде арнайы дауыс зорайтқыш құрылғылары арқылы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Барлық үгіт-насихат, түсіндірме жұмыстары әлеуметтік желілерде (instagram, telegram,facebook.), Төтенше жағдайлар министрлігі мен департаменттің сайттарында жарияланды.