Шымкенттегі туристік нысандарға көліктің барлық түрлері қатынайды

0
582

Қалада бірқатар мобильді қосымшамен тасымалдайтын такси қызметі кеңінен тараған.


Шымкенттегі туристік нысандарға көліктің барлық түрлері қатынайды

Шымкент қаласындағы туристік нысандарға көліктер тұрақты қатынайды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласында қонақтар мен жергілікті тұрғындардың жиі баратын туристік орындарының саны отыздан асады. Олар «Шымқала» тарихи-мәдени кешені, А.Асқаров атындағы дендросаябақ, Шымкент хайуанаттар бағы, «Қазына» этносаябағы, Бәйдібек би ескерткіші, Жайлаукөл саябағы, «Арбат» жаяу жүргіншілер демалыс аймағы, Абай, Кеңбаба, Тәуелсіздік, Металлург саябақтары, Қошқарата өзенінің жағалауы, сонымен қатар, Сайрам тұрғын алабындағы орта ғасырлық сәулет ескерткіштері және тағы да басқа нысандар бар.
Қала аумағында орналасқан туристік нысандарға көліктің барлық түрлерімен жеткізу толығымен қамтамасыз етілген. Атап айтқанда, «Шымқала» тарихи-мәдени кешеніне № 1, 6, 12, 84, 27, 92, 6, 32 қоғамдық көліктер, Сайрам тұрғын алабында орналасқан Ибрагим ата, Қарашаш ана және тағы басқа нысандарға № 30, 71, 139, 148, «Қазына» этно-саябағы, Дендросаябақ, Зообақ, Жайлаукөл саябағына №126, 17, 52, 70 қоғамдық көліктер алып барады.
Сонымен қатар, қалада бірқатар мобильді қосымшамен тасымалдайтын такси қызметі кеңінен тараған. Яндекс go такси қызметі қала аумағында тасымалдаса, InDrive Шымкент қаласынан басқа өңірлерге жеткізеді.

Одан бөлек, Шымкент қаласында және Түркістан облысына топпен немесе жекеше саяхат ұйымдастыру жолға қойылған. Егер Шымкент қаласына келген қонақ әрі қарай басқа өңірлерге баратын жағдайда қала автовокзалдарынан көліктер тұрақты түрде барлық бағыттарға қатынайды.

Айта кетейік, Шымкент қаласына келуші туристердің саны жыл санап артып келеді. 2022 жылдың 12 айында қалаға келушілер саны 448 797 адамды құрап отыр. Ішкі туризм бойынша келушілер саны 412 268 адам, өткен жылмен салыстырғанда 136,2%-ға артып отыр. Ал, кіру туризмі бойынша келушілер саны 36 529 адам, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,5 есеге ұлғайған. Бүгінде республикалық көрсеткішке сәйкес, қалаға келген туристер саны бойынша Шымкент қаласы 3-орында тұр. Оның ішінде ҚР азаматтары бойынша 4-орын, резиденттер еместер (шет ел азаматтары) бойынша 4-орында.