Шымкенттік адвокат қыз зорлау ісін ақшамен «жаппақ» болды деген күдікке ілінді

0
1 295

Оны 360 000 теңге пара ұсынуда делдал болған деген күдікпен тергеуге алған.


Шымкенттік адвокат қыз зорлау ісін ақшамен «жаппақ» болды деген күдікке ілінді

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Шымкенттегі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі Адвокаттар алқасының адвокатын сыбайлас жемқорлық фактісі бойынша тергеуге алды, деп хабарлайды ERNUR.KZ zakon.kz порталына сілтеме жасап.

Аталған ақпаратқа сүйенсек, ол адвокатқа Шымкент қаласы полиция департаментіне қарасты Абай ауданының полиция бөлімінің тергеушісіне зорлау фактісі бойынша қылмыстық істі тоқтатқаны үшін жалпы сомасы 360 000 теңге пара ұсынуда делдал болған деген күдік тағылып, тергеуге алынған.


Сондай-ақ, аталған іс бойынша пара алды деген Абай ауданының полиция бөлімінің тергеушісіне қатысты сотқа дейінгі тергеу ісі әлі жалғасуда.

Күдіктілерге қатысты соңғы шешімді сот шығарады.