Шымкенттік «Байдың балалары» Сочиден алтын алып қайтты

0
4 171

Бұл жетістік «Орталық лигада» өнер көрсетуге мүмкіндік сыйлады.


Шымкенттік «Байдың балалары» Сочиден алтын алып қайтты

Шымкенттік «Байдың балалары» Сочидегі фестивальден алтын еншілеп келді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Көңілді әрі тапқыр, 2017-2018 жылғы «Жайдарман» жоғарғы лигасының жеңімпазы атанған Шымкенттік «Байдың балалары» Сочиден оралды, бірақ бос қайтпады, яғни топтың әр мүшесі Сочидегі фестивальден алтын төсбелгімен келді. Бұл жай ғана марапат емес, оған фестивальде өнер көрсеткен 464 команданың жоғары рейтинг жинаған 178-і ғана ие болды.

Бұл жетістік туралы:

«Команда жоғары рейтинг жинау арқылы «Орталық лигада» өнер көрсетуге мүмкіндік алды. Ол лига 2019 жылдың 7-11 наурыз күндері өтеді. Сонымен қатар, Мәскеу облысы мен Орал лигасынан да шақырту алдық. Таңдау өзімізде», - дейді М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың Әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры Садыбек Бейсенбаев.

Айта кетейік, «Орталық лига» кезеңінде жоғары рейтинг алу халықаралық КВН премьер-лигасына жолдама береді.

дереккөз: «Понорама шымкент»