Шымкенттік дәрігерлер 2 жасар қыздың өмірін құтқарып қалды

0
1 240

Шымкенттің хирургтары лапароскопиялық жолмен күрделі ота жасады.


Шымкенттік дәрігерлер 2 жасар қыздың өмірін құтқарып қалды

Жатырдың оң жақ аналық безінде пайда болған ісіктен ауыр халге түскен екі жасар қызға дәрігерлер шұғыл түрде ота жасап аман алып қалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бүлдіршіннің аналық безінде пайда болған ісікті алып тастау үшін хирургтар лапароскопиялық жолмен күрделі операция жасаған.

2 жасар қыз баласы ауыр халде жедел жәрдем қызметімен Шымкент қаласындағы №1 клиникалық балалар ауруханасына жеткізілген. Бүлдіршінді тексеріп шыққан дәрігерлер шұғыл түрде ота жасаған. Операция кезінде тәжірбиелі хирургтар -лапароскопиялық жолмен 2 жасар қыз баласының оң жақ аналық жұмыртқасының қатерсіз ісігін алып тастап, қауіпті алдын алды.

"Қыз балаларда мұндай жағдай сирек кездеседі.Шымкенттік дәрігерлер 20 жылдық тәжірбиемізде бұл екінші жағдай. Әрі кішкентай қыз балалардың жыныс мүшесі нәзік келгендіктен, аналық безде пайда болған ісік дер кезінде алынбаған жағдайда қыз баланың жатырына қауіп төндіруі мүмкін", - дейді хирург Қалдыбай Таджибаев.

Сәтті жасалған отаның арқасында балақайдың қазіргі жағдайы жақсы. Операциядан кейін ауруханада бес-алты күн ем алып, анасымен бірге үйіне шығарылды.