Ота шетелдік мамандармен тәжірибе алмасу барысында жасалды.
Шымкенттік дәрігерлердің күрделі неврологиялық ауруларды емдеуге мүмкіндігі артып отыр. Олар шетелдік мамандармен тәжірибе алмасу барысында эпилепсияға шалдыққан науқасқа алғаш рет ота жасады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Іс шара екі күнге созылады. Осы уақыт аралығында Ресейден келген білікті мамандардың қатысуымен бұрын соңды болмаған нейрохирургиялық оталар жасалынады.
Атап айтқанда, орталық жүйке жүйесінің туа біткен ақаулары, краниостеноз- синостоз, Арнольда Киари синдромы бар, церебральды сал ауруы кезінде дорзальды ризотомиясы, Мойя-Мойя ауруына шалдыққан науқастарға күрделі операциялар жасау жоспарлануда.
Отаны шеберлік сабағы кезінде ресейлік дәрігер РФ «В.А.Алмазов атындағы ұлттық медицина зерттеу орталығы» ФГБУ университетінің балалар нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Ким Александр Вонгиевич және мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Алматы қаласы ҚБСБ ШЖҚ «№2 Қалалық балалар клиникалық ауруханасы»МКК бас дәрігері, С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ нейрохирургия кафедрасының доценті Рабандияров Марат Рабандиярович басқа да отандық дәрігерлермен бірігіп жасамақ.
- Шымкент қаласы әкімдігі мен қалалық денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен былтыр МРТ және ангиогроф, нейрохирургиялық микроскоп аппараты алынды. Осы аппараттарды қолдана отырып, оталар жасаймыз. Жаңа әдістерді меңгеру - біліктілігімізді арттыруға зор септігін тигізеді», - дейді қалалық балалар клиникалық ауруханасының бас дәрігері Динара Жумадилова.
Айта кетейік, шеберлік сабағын өткізудегі негізгі мақсат - Шымкент қалалық балалар клиникалық ауруханасындағы нейрохирургиялық қызметті жоғары деңгейде дамытып, дәрігерлердің кәсіби біліктілігін арттыру.