Шымкенттік дәрігерлер денесінің 92%-ын күйік шалған адамды аман алып қалды

0
2 559

Науқастың өзі басында аман қалуына күмәнмен қараған.


Шымкенттік дәрігерлер денесінің 92%-ын күйік шалған адамды аман алып қалды

Шымкенттік дәрігерлері денесінің 92 пайызын күйік шалған Қызылордалық тұрғынды аман алып қалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


2020 жылдың 14 қарашасында Шымкенттегі Т.Орынбаев атындағы гипербариялық оксигенация орталығына Қызылорда облысының тұрғыны Кадырхан Алишер ауыр халде жеткізіледі. Дәрігерлер науқастың денесінің 92 пайызы күйік шалғанын анықтап, «термиялық күйік» диагнозымен жансақтау бөліміне жатқызды. Екі айға жуық ем алған 26 жастағы Алишер аман қалып, емі оң нәтиже берді. Қазір науқастың жағдайы жақсы.


- Науқас Қызылорда облысынан жедел жәрдеммен жеткізілді. Жағдайының ауырлығына байланысты науқасқа шұғыл түрде реанимациялық көмек көрсетілді. Жансақтау бөлімінде жағдайы жақсарған соң, палатаға ауыстырып, денесінің күйік шалған жері жазылды, – дейді күйік бөлімінің меңгерушісі Мұхит Досыбаев.


Алишердің сөзінше, үйде газ балоны жарылып, денесін толығымен күйік шалған. Науқастың өзі әу баста аман қалуына күмәнмен қарағанын жасырмайды.


- Ауруханаға түскенде аман қалуым екі талай деп ойладым. Қорқынышты ойлар мазалады. Құдайға шүкір, ол күндер артта қалды. Дәрігерлерге мың алғыс айтамын,
-дейді қызылордалық тұрғын.

Дәрігерлер науқастың жарақаттары толығымен жазылды дейді. Енді ауруханадан шыққан соң Алишер Қызылордаға қайтады.