Шымкенттік дәрігерлер клиникалық өлім жағдайындағы бір айлық сәбиді аман алып қалды

0
119

Егіз балалардың сыңары, түнде анасы оянып қараған кезінде бала тыныс алмай, ес-түссіз жағдайда жатқан.


Шымкенттік дәрігерлер клиникалық өлім жағдайындағы бір айлық сәбиді аман алып қалды

ERNUR.KZ. Қалалық балалар клиникалық ауруханасына 10.04.2025 жылы шұғыл түрде сағат түнгі 01:45 шамасында 27 күндік нәресте клиникалық өлім жағдайында түскен.

Анасының айтуы бойынша, егіз балалардың сыңары, түнде анасы оянып қараған кезінде бала тыныс алмай, ес-түссіз жағдайда жатқан. Аурухананың реаниматолог дәрігерлерінің шұғыл көмегінің арқасында, баланың тыныс алуы мен жүрек соғысы қайта қалпына келтірілді. Жан сақтау бөлімшесінен жағдайы тұрақтылып, сырқат нәрестелер бөлімшесіне ауыстырылды.
Бөлімшеде ем алған сәбидің денсаулық жағдайы жақсарылып, үйіне шығарылды.