​Шымкенттік дәрігерлер ракқа шалдыққан науқастарға пышақсыз ота жасайды

0
2 562

Қатерлі ісікке шалдыққан науқастардың өмірін ұзартатын түтікше орнатылуда.


​Шымкенттік дәрігерлер ракқа шалдыққан науқастарға пышақсыз ота жасайды

Шымкенттік дәрігерлер ракқа шалдыққан науқастарды емдеу үшін пышақсыз ота жасайды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Дәрігерлер рентген және УДЗ аппараттарының көмегімен жабық операция жасап,науқасқа түтікше қойып береді.

Медицина мамандарының айтуынша, механикалық сарғаю, клацкин обыры, өт жолында шығатын ісіктер және ұйқы безінің обырына шалдыққан науқастарда жиі кездеседі. Сарғаюдың салдарынан бауырдың қызметі бұзылып, тіпті асқынған жағдайда науқас ес-түссіз халге түсіп, қайтыс болуы мүмкін. Сондықтан дер кезінде механикалық сарғаюды анықтап, көмек көрсету ракқа шалдыққан науқастардың өмірін ұзарып қана қоймай, ары қарай тиісті емін алуға жол ашады.

- Қазір механикалық сарғаю болған кезде кішіинвазивті әдісті қолданамыз. УЗИ, ренгтенмен қарап тұрып, ұлғайған жолды инемен кесіп, түтікше қойып береміз. Түтікшемен өт сыртқа шыға бастайды. Ары қарай пациент өзге де емін ала береді, - дейді онкологиялық орталықтың дәрігері Давран Арыбжанов.

Операция кезінде қойылатын түтікшенің диаметрі - 3-5 миллиметр. Отадан кейін науқаста холемиялық қан кету, бауыр және бүйрек жеткіліксіздігі, ағзаның интоксикациясы сияқты күрделі асқынулардың қаупі азаяды.

Механикалық сарғаюды емдеудің бұл әдісін Шымкентте алғаш рет онкологтар2008 жылы енгізіп, қазір сәтті орындауда. Қалалық онкологияляқ орталықтамамандар жылына механикалық сарғаюы бар 30-35 науқасқа кішіинвозивті әдіспен ота жасайды.