Шымкенттік делегация ҚХА сессиясына аттанды

0
653

Сессияға Шымкент қаласынан 24 делегат қатыспақ.


Шымкенттік делегация ҚХА сессиясына аттанды

Шымкент әуежайынан Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХ және ХХХІ сессиясына арнайы делегация аттанды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Сессияға Шымкент қаласынан 24 делегат қатыспақ.
Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясы екі күнге жоспарланған.
28 сәуірде ҚХА-ның ХХХ сессиясы аясында ҚР Парламенті Мәжілісіндегі бос депутаттық орынға сайлау өткізілсе, 29 сәуірде «Ел бірлігі — жаңарған Қазақстанның тірегі» тақырыбында ХХХІ сессия өтетін болады.
Сессия жұмысына республиканың барлық өңірлерінен арнайы делегаттар қатысады. Шымкенттік делегация құрамында ассамблея құрамына кіретін қала басшылығы, мәслихат депутаттары, қалалық этномәдени бірлестіктердің төрағалары, ҚХА жанындағы құрылым басшылары мен «Ассамблея жастары» РҚБ Шымкент қалалық өкілдігінің басшысы бар.
Биылғы сессияның орны ерек. Себебі, пандемия жағдайына байланысты Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясы өткізілмей қалды. Яғни, биылғы сессия Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының төрағалығымен өткізілмек. Сонымен қатар, биыл Қазақстанда жаңа реформалар жүзеге асырылуда. Қазақстан халқы Ассамблеясының құрамындағы әрбір этнос өкілі жаңа Қазақстанның дамуына өз үлесін қосатын болады. Біз кезекті сессиядан жаңа леп, жаңа серпін күтеміз, - дейді Шымкент қалалық корей этномәдени бірлестігінің төрайымы Роза Пак.
Қазіргі таңда қалада жалпы саны 17 этномәдени бірлестік жұмыс істейді. Бүгінде олардың 15-і аккредитациядан өткен.
Сонымен қатар, Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанында қоғамдық негіздегі құрылымдар да жұмыс істейді. Олардың қатарында Қоғамдық келісім, Аналар кеңесі, Медиация кеңесі және Ақпараттық-насихаттық, ғылыми-сарапшылық топтар, «Ассамблея жастары» РҚБ Шымкент қалалық өкілдігі, Журналистер мен блогерлер клубы бар.