Шымкенттік ересектер батутқа таласып қалды

0
1 027

Батутта болған балалардың қақтығысы ересектердің төбелесіне ұласқан.


Шымкенттік ересектер батутқа таласып қалды

ERNUR.KZ. Таяуда ғана Қазақстанда балалар ойнайтын батуттардың қауіпсіздігіне қатысты дау туған болатын. Тіпті оны пайдалану бойынша нормалар да енгізілді. Шымкентте де батутқа қатысты келеңсіз оқиға орын алды, деп жазады elitar.kz.

"Біздің балалар батутта секіріп ойнап жатқанда ұл балалар жүгіріп келіп оларға тас ата бастады. Ересектеу қыздар ескерту жасап еді, тыңдаған олар жоқ. Бірнеше минуттан кейін ашуға булыққан ата – аналар да жүгіріп келді", - дейді зардап шеккендердің бірінің анасы Лидия Михно.

Батутта болған балалардың қақтығысы ересектердің төбелесіне ұласты. Зәбір көрген балаларына болыспақ болған ата-аналар тас атқан балаларға ескерту жасамақ болған. Бірақ екінші тараптың ата-анасы мәселені бейбіт шешуден бас тартып, жұдырық ала жүгірген. Нәтижесінде ұрыс алаңынан шеттетілген балалар ересектердің төбелесіне еріксіз куә болған.

"Келінім мен жиенім жүкті болса да таяқ жеп қалды", - дейді Лидия Михно.

Жанжалға кәмелетке толмаған Ольга да куә болды. Сол күні ол балаларды қарауға көмектескен еді, кездейсоқ төбелестің ортасында қалды. Төбелесте қолы сынған ол бірнеше айға спорттан да шеттетілді.

"Мен 3-4 ай бойы кәсіби спортпен айналыса алмаймын, ескек есуге болмайды. Спорт енді мен үшін жабық",- дейді қыз.

Алайда, Людмила Михноның айтуынша, құқық қорғау қызметкерлері әрекетсіз отыр. Және осы күнге дейін қақтығыстан зардап шеккендерді де, кінәлілерді де шақырған жоқ. Зардап шеккендердің айтуынша, жүкті әйелдерге және кәмелетке толмағандарға қол көтергендер жазасыз қалған. Төбелеске себеп болған батутты иелері ұрыс алаңынан жинап алып кеткен.