Бұл туралы белгілі кәсіпкер, блогер Асхат Нурлыбаев айтты.
Шымкенттік кәсіпкерлер мен еріктілер зілзаладан зардап шеккен Түркия еліне гуманитарлық көмек жинап жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Бұл туралы белгілі кәсіпкер, блогер Асхат Нурлыбаев айтты.
Оның сөзінше, бұл шара кеше қолға алынған. Қазіргі таңда қаладағы 3 мекенжайда гуманитарлық көмекті қабылдау пункттері жұмыс жасауда.
Асхат Нурлыбаевтың мәліметінше, қазірге дейін 3 миллионнан астам қаржы жиналған.
“Түркия еліне машинаның жиналғанына байланысты жібереміз. Көлігіміз әлі жиналып жатыр. Бірақ, біз жиналғанын жиналғандай ұшаққа артып жібереміз. Қазіргі таңда Түркістан мен Шымкент қаласынан ұшақтар ұшып жатыр. Осы ұшақтармен жібереміз деген үміттеміз. Қазір сөйлесіп жатырмыз”, - деді ол.
Блогердің айтуынша, Түркия елінде жылы киімдер мен балалар киім-кешектері жетіспей жатқан көрінеді.
“Ол жақта жылы заттар мен киімдер жетіспей жатыр. Сонымен қоса, кішкентай балалар киімдері, бас киім, термос, поуэрбанктер, киім-кешектер, гигиеналық заттар, әйелдер гигиенасы құралдары мен балалар жаялықтары жетіспей жатыр”, - деді блогер.
Өз кезегінде Асхат Нурлыбаев қала тұрғындарының белсенділігін ерекше атап өтті.
“Шымкенттіктер мықты зат тасып жатыр. Әрқайсысы бір көмегін тигізгісі келіп, жүгіріп жүр”, - деді ол.
Айта кетейік, Шымкент қаласындағы гуманитарлық көмекті қабылдау пунктері таңғы 10:00-ден бастап төмендегі мекенжайда жұмыс істейді.
- “Әл-Фараби” сауда орталығы;
- “Қырғы базар”;
- Тельман шағын ауданындағы, “Абдурахман мешіті”.
Нурлыбаев Асхат Мелдебекович
АО Kaspi Bank
CASPKZKA
KZ27722C000019092181.
Еске сала кетейік, 6 ақпан күні таңертең Түркияның оңтүстік-шығысында магнитудасы 7,5 болатын жер сілкінісі болды. Одан кейін де бірнеше рет қайталанды. Жойқын жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар саны бүгінде 14 мыңнан асты, 64 мыңға жуық адам зардап шеккені хабарланған.