Жиналған қаржыға азық түлік, тұрмысқа қажетті заттар алынып, жағдайы төмен отбасыларға таратылды.
Бүгін Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімі аппараты "Шымкент – қайырымды қала" акциясын өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Шымкент қалалық "Nur Otan" партиясы және «Пионер», «Дары Сайрама», «Асыл май» зауыты мен «Маханова» жеке кәсіпкерлігінің өкілдері қолдау көрсеткен игі шара барысында 4 млн. теңге қаржыға азық түлік, тұрмысқа қажетті заттар алынып, Қаратау ауданындағы 70 жағдайы төмен отбасыларға таратылды.
"Қоғамда оң көзқарас қалыптастырып, ынтымақтастықты арттырған шара алдағы уақытта да өз жалғасын табады", - дейді ұйымдастырушылар.
фото: Қаратау ауданы әкімдігі