Аталмыш республикалық челлендж 29 тамызға дейін жалғасып, қаладағы барлық ХҚКО-ларды қамтиды.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 30 жылдығына орай, еліміз бойынша Халыққа қызмет көрсету орталықтарында #ATAZAN_AZAMAT_KZ республикалық челленджі бастау алды.
Шымкент қаласындағы барлық ХҚКО-ларда челлендж салтанатты түрде өтуде. Бұл күні 16 жасқа толған жас азаматтар алғашқы куәліктері мен естелік сыйлықтары салтанатты түрде табысталды.
Елдің басты мерекелерінің бірі қарсаңында алғаш рет жеке куәліктерін алған жас азаматтар үшін бұл күн - жаңа белестер мен үлкен мүмкіндіктерге жол ашатын ерекше сәт. Мұндай шаралар жастардың бойында патриоттық сезімді, елге қымет етуге деген құлшынысты оятады.
Аталмыш республикалық челлендж 29 тамызға дейін жалғасып, қаладағы барлық ХҚКО-ларды қамтиды.
Іс-шара азаматтардың патриоттық сезімдерін нығайтуға, мемлекеттік рәміздер мен заңдарға құрметпен қарауды тәрбиелеуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Конституциясы күні қарсаңында қоғамда жағымды көңіл-күй қалыптастыруға бағытталған.