Шымкенттік маман инсульт алғандарды массаждың көмегімен аяққа тұрғызған

0
1 094

Ресейдің Мәскеу қаласында массаж мектебінен, Қытай мамандарынан «остеопатиялық массаж», «балмен емдік массаж», «лимфадренажды массаж», «классикалық», «спорттық», «шығыс массажы» түрлерінен оқып білім алған заңды сертификаттары бар.


Шымкенттік маман инсульт алғандарды массаждың көмегімен аяққа тұрғызған

Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты «Шапағат» арнайы қызмет көрсету орталығының әлеуметтік қызметкері инсульт алған көптеген науқастарды массаждың көмегімен аяққа тұрғызған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Әсия Абдрасилова – емдік массаж жасаудың маманы. Әлеуметтік қызметкер денсаулығына байланысты үшінші топ мүгедегі. Соған қарамастан, еңбекқор жан өз саласының үздіктерінің бірі. Кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында үздіксіз ізденіп, білім алуға талпынады.

Ресейдің Мәскеу қаласында массаж мектебінен, Қытай мамандарынан «остеопатиялық массаж», «балмен емдік массаж», «лимфадренажды массаж», «классикалық», «спорттық», «шығыс массажы» түрлерінен оқып білім алған заңды сертификаттары бар. Жүрек қан-тамырларының бұзылуынан инсульт алған көптеген науқастарды шипалы қолының емімен аяққа тұрғызған. Оңалту орталығына келген әр қызмет алушы Әсияның шипалы қолынан алған еміне шексіз ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын жаудырып жатады.
Айта кетейік, «Шапағат» мүгедектерге арналған оңалту орталығында психоневрологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан бірінші және екінші топтағы мүгедектерге арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетіледі. Білікті терапевт, невропатолог, психиатр, травматолог-ортопед дәрігерлері мен жалпы тәжірибелік дәрігер мамандары жұмылдырылған. Орталықта бүгінде 70 –ке жуық мүмкіндігі шектеулі азамат қызмет алуда.