Шымкенттік оқушы джиу-джитсудан жастар арасында Азия чемпионы атанды

0
395

Бектас Бекалиұлының спорт жолындағы жетістіктері аз емес.


Шымкенттік оқушы джиу-джитсудан жастар арасында Азия чемпионы атанды
Қазақстан құрамасында өнер көрсеткен шымкенттік Қуандық Бектас Бекалиұлы джиу-джитсудан жастар арасында Азия чемпионы атанды.
Абу Даби қаласында (БАӘ) Азия чемпионатында 30 мемлекет, 1100 спортшы бақ сынасты. Шымкенттік №66 Қазығұрт жалпы орта мектебінің 9 сынып оқушысы Бектас Қуандық көк туымызды көтеріп, Араб, Тайланд, Өзбек елінің азаматтарын жеңді.
Бектас Бекалиұлының спорт жолындағы жетістіктері аз емес.
2018жылы - 8-9жас аралғында Ju-Jitsu дан Қырғыстан Бишкек қаласында өткен Кубок Азия жарысында алтын медальға ие болды. Ушу-санда дан Республикалық Қазақстан Чемпионатында чемпионы атанды.
2019жылы - 10-11 жас аралығында Жекпе-жектен Ақтауда өткен Республикалық Қазақстан Чемпионатында бас жүлдеге қол жеткізді,жәнеде Таразда өткен халқаралық турнирде алтын жүледеге қол жеткізді.
2021жылы - 12-13жас аралығында Кикбокстан Облыстық Чемпионаты Шымкент қаласында өткен жарыста алтынға қол жеткізді.
Pankration нан Республикалық Қазақстан Чемпионатында (Алматы) қаласында өткен жарыста чемпион атанды.
2022 жылы - 12-13жас аралығында Ju-Jitsu дан (Астана) қаласында өткен Республикалық Қазақстан Чемпионатында бас жүлдеге қол жеткізіп,Мальгард де мар (Испания)қаласына жолдама ұтып алды, Атырау қаласында Қоян-қолтық ұрыстан өткен Республикалық Қазақстан Чемпионатында чемпион атанып, Дубай еліне жолдама ұтып алды. Сонымен қатар, 12-13жас аралығында Еркін күрестен Республикалық Қазақстан Чемпионатына жолдамасына ие болды.
14-15жас аралығында Рукопашный бой Қазақстан Республикалысының чемпионатында чемпион атанды.
14-15 жас аралығында Жекпе-жектен және Combat Jiu-Jitsu Қазақстан Республикасының чемпионатында чемпион атанды.

Жас чемпионға болашақта мол жеңіс тілейміз!