​ШЫМКЕНТТІК ОҚУШЫ ЕУРОПАДА ЧЕМПИОН АТАНДЫ

0
63

Елге мереймен оралған жас чемпион алдағы уақытта да халықаралық сайыстарға тыңғылықты дайындалуды жоспарла, болашақта Олимпиада чемпионы атануды мақсат тұтып отыр.


​ШЫМКЕНТТІК ОҚУШЫ ЕУРОПАДА ЧЕМПИОН АТАНДЫ

Шымкенттік спортшы Байқұт Төлепберген Испания астанасы Мадридте өткен халықаралық джиу-джитсу жарысында топ жарып, 1-орын иеленді.

Ол сайыстың барлық белдесуінде қарсылас шақ келтірмеді.

Айта кетейік, Байқұт Арманұлы №118 Көкбұлақ жалпы орта мектебінің 10-сыныбында оқиды. Бала кезінен дзюдо, таэквондо және джиу-джитсу сияқты жекпе-жектерге қызығып өскен жеткіншек 10 жасынан бері үзбей жаттығып келеді. Тұрақты дайындық пен табандылық жас спортшыны түрлі деңгейдегі бәсекелерде үздік көрсеткіштерге жеткізді.
Елге мереймен оралған жас чемпион алдағы уақытта да халықаралық сайыстарға тыңғылықты дайындалуды жоспарла, болашақта Олимпиада чемпионы атануды мақсат тұтып отыр.
Бөлісу