​Шымкенттік полицей 25 бүлдіршінді өрттен құтқарды

0
514

Қазіргі таңда өрттен зардап шеккендер жоқ.


​Шымкенттік полицей 25 бүлдіршінді  өрттен құтқарды

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкенттік полицей бала-бақшаның 25 бүлдіршінін өрттен құтқарды, деп хабарлайды

Бұл туралы Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі мәлімдеді.

12-шілде күні Шымкент қаласы Абай ауданында «Аяулым» бала-бақшасынан өрт шығып жатыр деген хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына ең алдымен, сол әкімшілік аумаққа қарасты учаскелік полиция инспекторы келіп жетеді. Өртенген үйдің жанында бала-бақша орналасқандықтан, өрттің жалыны сол жаққа қарай бағытталған.
Абай АПБ ЖПҚБ учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Тимур Құрмашов өртке оранған үйге бірнеше қайтара кіріп, зардап шеккен адамдарды бірінен соң бірін сыртқа шығарып, өмірлеріне араша болды.

Өрт сөндірушілер мен жедел-жәрдем бригадасы келіп жеткенге дейін полиция капитаны бала-бақшадағы 25 бүлдіршінді өрттен аман алып қалады. Қазіргі таңда өрттен зардап шеккендер жоқ.

«Үйдің шатырынан өрт шығып жатқанын көріп, адамдарды құтқару керек деп ойладым. Өртеніп жатқан үйдің бала-бақшаға жақын орналасқанына байланысты, ең алдымен ондағы балаларды қауіпсіз жерге көшіру болды», - дейді Учаскелік полиция инспекторы Тимур Құрмашев.