Шымкенттік полицейлер 9-қабаттың терезесінен секіруге оқталған азаматшаны аман алып қалды

0
2 017

Өмірімен қош айтыспақ болған азаматша мән-жайды анықтау үшін Қаратау ауданы Полиция басқармасына жеткізілді.


Шымкенттік полицейлер 9-қабаттың терезесінен секіруге оқталған азаматшаны аман алып қалды

2021 жылдың 4-қарашасында түнгі сағат 00:30 шамасында «102» арнасына 9-қабаттың терезесінен секіргелі тұрған адамға көмек керек деген хабарлама келіп түскен, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Тәртіп сақшылары хабарламаға шұғыл ден қойып, жақын маңдағы Патрульдік полиция полкінің 4-рота №821-автоэкипажын оқиға орнына жібереді. Қызмет барысында полиция лейтенанты А.Ибрагим мен полиция майоры Н.Қоспанов аталған мекенжайға бірден келіп, терезенің сыртында тұрған азаматшаны көреді.

Полиция қызметкерлері бір сәтте ойланбастан батылдық танытып, жедел іс-әрекеттерінің нәтижесінде терезе сыртында тұрған қыз баланы қауіпсіз жерге шығарып үлгереді. Түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Өмірімен қош айтыспақ болған азаматша мән-жайды анықтау үшін Қаратау ауданы Полиция басқармасына жеткізілді.