Шымкенттік полицейлер мұқтаж отбасыларға көмек көрсетті

0
2 908

Жаңа жыл мерекесіне орай С.Жаңбырбайқызының шаңырағына арнайы барған тәртіп сақшылары тұрмысқа қажетті азық-түлік өнімдерін жеткізді.


Шымкенттік полицейлер мұқтаж отбасыларға көмек көрсетті

Шымкент қаласы Полиция департаменті Анықтау басқармасының қызметкерлері әлеуметтік қолдауға мұқтаж отбасыға көмек көрсетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жаңа жыл мерекесіне орай Салиха Жаңбырбайқызының шаңырағына арнайы барған тәртіп сақшылары тұрмысқа қажетті азық-түлік өнімдерін жеткізді. Сауапты іске ниеттенген анықтаушылар осыған дейін аталған отбасының жағдайымен танысқан. Ұжым қызметкерлері бірлесе отырып мереке қарсаңында жаңа жылдық тарту жасауды жөн көрген. Бұл Анықтау басқармасының қызметкерлері тарапынан ұйымдастырылып отырған қайырымдылық шаралардың алғашқысы емес. Аудандық полиция басқармасы анықтау бөлімінің өкілдері бірнеше рет көп балалы және жалғыз басты аналарға әлеуметтік көмек көрсеткен. Оң бастаманы тұрақты түрде іске асырып келеді.

- Игі іске атсалысу ұлттық болмысымызға сіңген қасиет. Қайырымдылық және жанашырлық таныту әрі көмек көрсетуді азаматтық борышымыз деп білеміз. Сондықтан мұндай іс-шараларды әрмен қарай да жалғастыруға ниеттіміз, - дейді Анықтау басқармасы бастығының орынбасары Исфандияр Құралбаев.