Олар қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп, халықтың құқығы мен бостандығының қорғалуы жолында ерекше көзге түскен.
1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай Шымкент қаласы Полиция департаментінде мерекелік іс-шара өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
2019 жылдың 29 қарашасында Шымкент қаласы Полиция департаментінің үлкен мәжіліс залында департамент қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған кең ауқымды мерекелік іс-шара өтті.
Аталған мерекелік іс-шараны ашқан Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Е.М.Жумаханбетов жеке құрамды атаулы мерекемен құттықтады.
Сондай-ақ, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп, халықтың құқығы мен бостандығының қорғалуы жолында ерекше көзге түсіп, үздік нәтижелерге қол жеткізгені үшін 80-ге жуық ішкі істер органдары қызметкерлері марапатталды. Оның ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығымен 11 қызметкер, департамент бастығының бұйрығымен 65 қызметкер марапатталып, 3 қызметкерге Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдары мен Ұлттық ұлан ардагерлерінің кеңесімен берілген «Арман» санаториясына жолдама табысталды.
Ал салтанатты жиын соңы өнерлі полиция қызметкерлерінің қатысуымен концерттік бағдарламаға ұласты.