Шымкенттік студенттер «Штаттан тыс полиция» қызметін атқарып жатыр

0
1 003

Қаладағы ЖОО-лардың 60 %-на үгіт насихат жүргізілген.


Шымкенттік студенттер «Штаттан тыс полиция» қызметін атқарып жатыр

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзедн

Шымкент қаласының студенттер полиция қызметкерлеріне қосымша көмек көрсетіп жүр, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы Шымкент қаласы Полиция департаментінің басшысы Е.М.Жұмахамбетов 2019 жылдың алғашқы 8 айында атқарылған жұмыстар бойынша халық алдында есеп беру кезінде айтты.


Оның айтуынша бүгінгі таңда қала университеттеріндегі студенттер полиция қызметкерлеріне түнгі рейд кезінде көмектесіп, штаттан тыс жұмыс істеп жатыр.

«Бұрын студенттер бізден қашатын еді, қазір бір-бірімізге үйреніп, жұмыс істеп жатырмыз. Осы бастаманың аясында қаладағы университеттердің шамамен 60 %-на үгіт-насихат жұмыстарын жүргіздік. Енді жастарды кешкі рейд кезінде пайдаланымыз. Бұл жақсы деп ойлаймын», - деді Шымкент қаласы Полиция департаментінің басшысы өз сөзінде.


Сондай-ақ, штаттан тыс полиция қызметін атқарып жүрген Silkway халықаралық университетінің 4 курс студенті Асылбек Ынтымақұлы Өзі секілді жастармен жұмыс істеп жатқанына қуанышты екенін айтты.

«Жастармен жұмыс істеу біз үшін оңай болып жатыр және қазіргі уақытта біздің қатарымызға қосылғысы келетіндердің саны көп. Біз қызмет етуге әрқашан дайынбыз», - дейді Студент-полиция Асылбек.


Айта кетейік, бүгінгі таңда Қазақстанда 28 млн. халық болса, соның 4миллионы жастар екен.