Шымкенттік түлек әлемнің 40 университетіне шақырту алған

0
439

Шымкенттік жасөспірім еріктілер клубын құру бойынша ағылшын тілінде жобаны сәтті қорғап, "Бизнес менеджменті" мамандығы бойынша халықаралық болжамдар жасады.


Шымкенттік түлек әлемнің 40 университетіне шақырту алған

ERNUR.KZ. Шымкенттік Сунатулла Октамовқа бірнеше елдің жоғары оқу орындарынан тегін білім алуға ұсыныс түскен, деп жазады 24.kz.


Шымкенттік жасөспірім еріктілер клубын құру бойынша ағылшын тілінде жобаны сәтті қорғап, "Бизнес менеджменті" мамандығы бойынша халықаралық болжамдар жасады.

Қарапайым қазақ мектебінің түлегі әлемнің 40 университетіне шақырту алды. Оның ішінде Америка, Біріккен Араб Әмірліктері, Оңтүстік-Шығыс Азия ЖОО-лары бар. Ол Малайзияда оқуды таңдады.

“Маған кәсіптік бағдар беру бойынша профориентологтар мен мұғалімдер көмектесті. Мен 100 немесе одан да көп университетке құжат тапсырдым. Олардың 40-на шақырту алдым. Мен Малайзияда шамамен 4-5 жыл оқимын. Одан кейін Қазақстанға барып, кәсібімді дамытуды жоспарлап отырмын”, – деді түлек Сунаулла Октамов.

17 жастағы Алексей Кимді де бірден әлемнің 8 үздік университеті шақырған. Оның халықаралық және республикалық олимпиадаларды жеңген . Ол болашағын IT технологиялармен байланыстырып отыр.

“11-сыныптың басында Нью-Йорк-те оқимын деп ойладым, себебі ол арман қала. Сонда құжат тапсырамын деп шештім. Қазір көріп отырғаныңыздай, бәрі ойдағыдай болды. Мен грант жеңіп алдым”, – деді М.Х.Дулати атындағы №8 мамандандырылған гимназиясының оқушысы Алексей Ким.

Қазақстанда шетелдік танымал университеттер өз филиалдарын ашып жатыр. Бүгінде олардың саны 12-ге жетіп, соңғы уақытта бұл тізімге Гонконг, Пенсильвания, Ташкент, Ұлыбритания және Ресей университеттері қосылды. Түлектер халықаралық дипломдар алады, бұл олардың болашақ еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттырады.