Шымкенттік тұрғын әйелін көшеде ұрып соқты

0
971

Аталған жайт бойынша оқиға орнына учаскелік полиция инспекторы шұғыл жеткен.


Шымкенттік тұрғын әйелін көшеде ұрып соқты

фото: әлеуметтік желіде тараған видеодан алынды
Әлеуметтік желіде Шымкент қаласы көшелерінің бірінде ер адамның әйел азаматшаны ұрып жатқан бейнежазба таралды деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған оқиғаға байланысты Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеме жасады.

Ведомство мәліметінше, 27 мамыр күні Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасына «102» арнасы арқылы жергілікті тұрғын ер азаматтың көшеде әйелді ұрып жатқаны жайында хабарлаған.

“Аталған жайт бойынша оқиға орнына учаскелік полиция инспекторы шұғыл жеткен. Тексеру барысында отбасылық жағдайға байланысты ерлі-зайыпты ұрсып қалып күйеуі ұрғаны анықталды”, - делінген баспасөз хабарламасында.
Алайда, азаматшаның күйеуіне қатысты қояр ешқандай арыз-шағымы жоқ екенін айтқан. Полиция қызметкерлерімен профилактикалық жұмыстар жүргізіліп, азаматшаның қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында күйеуіне «қорғау нұсқамасы» берілді.
Бұндай әрекет қайталанған жағдайда ер адамға әкімшілік қамау шарасы қолданылады.