Байқау қорытындысы бойынша Бекжан Әбдімәлікұлына арнайы "Егемен ел патриоты" төсбелгісі мен арнайы диплом, сыйлық табыс етілді.
Бұл байқау Оқу-ағарту министрлігіне қарасты "Bilim orkenieti" ұлттық инновациялық ғылыми орталығының ұйымдастыруымен өтіп, елдің түкпір-түкпірінен келген азаматтар өз білімдері мен патриоттық көзқарастарын сынға салды.
Бекжан Әбдімәлікұлы байқауға қатысқан кезде өзінің әскери қызметтегі тәжірибесін, мемлекеттік тілді енгізу бағытындағы еңбегін және патриоттық тәрбие берудегі жетістіктерін көрсетті. Әскери салада мемлекеттік тілді енгізу жөніндегі жұмыстары байқау комиссиясының жоғары бағасына ие болып, оның елге, тілге деген адалдығы мен қызметіне деген жауапкершілігі ерекше атап өтілді.
«Егемен ел патриоты» байқауы Қазақстанның нағыз патриоттарын анықтауды мақсат еткен. Бекжан Әбдімәлікұлының жеңісі оның Ұлттық ұландағы қызметіндегі табыстары мен мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге қосқан үлесінің нәтижесі болып табылады. Байқау қорытындысы бойынша Бекжан Әбдімәлікұлына арнайы "Егемен ел патриоты" төсбелгісі мен арнайы диплом, сыйлық табыс етілді.
Іс-шараның ресми бөлімінен кейін Ұлттық ұланның Бас қолбасшылығында офицер ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары - Ұлттық ұланның Бас қолбасшысының құқығымен “Қоғамдық тәртіпті сақтағаны үшін" төсбелгісімен марапатталды. Оған марапатты ведомство басшысының орынбасары генерал-майор Қайрат Үмбетов табыс етті.
Айта кетейік, Жаңа Қазақстан” республикалық инновациялық орталығының ұйымдастыруымен “Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс” бағдарламасы аясында “Егемен ел патриоты” байқауы өтті. Басты мақсат – адами құндылықтарды насихаттап, елдің өркендеуіне үлес қосып жүрген азаматтарды марапаттау. Аталған байқауға Ішкі істер органдарының қызметкерлері де белсенді қатысты.