​Шымкенттік зейнеткерлерге театрлар мен музейлерге кіру тегін

0
144

Кез келген зейнеткері осы жеңілдіктерді пайдалану үшін өзімен бірге зейнеткерлік куәлігін ала келуі тиіс.


​Шымкенттік зейнеткерлерге театрлар мен музейлерге кіру тегін

Шымкент қаласының Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасына қарасты мәдени мекемелер зейнеткерлер үшін театр қойылымдарына, музейлер мен циркке тегін кіру мүмкіндігін жариялады.

Атап айтқанда, театрларға премьералардан өзге кешкі қойылымдарға кіру тегін. Ал, Шымкент циркі өз репертуарындағы қойылымдарға зейнеткерлерді тегін қабылдайды.
Сондай-ақ, қаладағы Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы зейнеткерлерге арналған барлық іс-шараларға тегін кіру мүмкіндігін ұсынып отыр.
Қаламыздың кез келген зейнеткері осы жеңілдіктерді пайдалану үшін өзімен бірге зейнеткерлік куәлігін ала келуі тиіс.
Бұл игі бастама – зейнеткерлердің қаланың мәдени өміріне белсенді қатысуына, театр мен өнерді тамашалауға, сондай-ақ рухани демалуына мол мүмкіндік береді.
Бөлісу