Шымкенттік жастар кітапханаға экскурсия жасады

0
633

Кітапхана ғимаратын аралаған жастар кітапхана тарихымен, онда қандай кітаптар мен мерзімді басылымдардың сақталатындығы туралы және кітапхананы пайдалану ережелерімен танысты.


Шымкенттік жастар кітапханаға экскурсия жасады

Бүгін Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен М.Тынышпаев атындағы QazATK колледжінің жастарына А.Пушкин атындағы әмбебап кітапханасында экскурсия ұйымдастырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған шараның мақсаты – болашақ жасөспірімдерге қаламыздағы белгілі орындар мен тарихи мекендерді кеңінен насихаттау, ұмыт болып бара жатқан салт-дәстүрлерімізді қайта жаңғырту, ұлттық руханиятымызды кеңінен дәріптеу.
Кітапхана ғимаратын аралаған жастар кітапхана тарихымен, онда қандай кітаптар мен мерзімді басылымдардың сақталатындығы туралы және кітапхананы пайдалану ережелерімен танысты.
- А.С.Пушкин атындағы кітапхана 1899 жылы орыс халқының ұлы ақынының 100 жылдық мерейтойына орай ашылған. Қала тұрғындарының өздері қаржы жинап, қоғамдық кеңес үйінің ғимаратын салды. Ол жерде басында би кештері, әуесқой театр әртістерінің қойылымдары көрсетіліпті. Осы ғимарат ішінен 1899 жылы, А.С.Пушкиннің 100 жылдығы қарсаңында, ақын атындағы ең алғашқы кітапхана ретінде ашылған, - деді кітапхана меңгерушісі.

Айта кетейік, халықаралық балалар кітабы күніне орай, «Кітап – ғажайып әлем» атты кеш өтті. Аталған мерекелік кешке Қазақстан Жазушылар одағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы, балалар ақыны Дәркен Танабаев пен фантаст-жазушы Сарманбай Исақ және А. Байтұрсынов атындағы №50 көпсалалы мектеп-гимназиясы, Титов атындағы №20 мектеп-гимназиясының оқушылары қатысты. Кеш қонақтары жас оқырмандарға кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндірді.

Мерекелік кеште мектеп оқушылары Дәркен Танабаевтың өлеңдерін нақышына келтіре оқып, ән мен күйден шашу шашты.

Жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан жиыннан жас оқырмандар мол мағлұмат жинап, рухани азық алып тарқасты.